Ауа райы • 23 Қазан, 2025
Синоптиктер 12 аймақта күн бұзылатынын ескертті
Синоптиктер 23 қазан күні Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың орнауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Қазан, 2025
Үкімет 6,8 трлн теңгені әлеуметтік салаға бағыттайды. Мәжіліс үшжылдық бюджетті бекітті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру және өзге де салаларға қатысты жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасын егжей-тегжейлі талқылап, алдағы үш жылға арналған республикалық бюджетті бекітті. Құжат Бюджет кодексінің талаптарына, Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленіп отыр.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Ерік-жігері мықты азаматтарға Жол картасы әзірленді
Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында түрлі деңгейдегі сайлауларда үдерісті барынша инклюзивті әрі қолжетімді ету мәселесі қаралды.
Республика күні • 23 Қазан, 2025
Жақында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына және Республика күніне арналған «Егемендік жолы» атты көрменің ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатында сол айтулы оқиғаға куәгер адамдардың бірі ретінде бізге де сөз берілді. Әрине, ондай рәсімде айтылар лебіз қысқа қайырылады. Біз де солай еттік. Сол іс-шарадан кейін ойға қалдық. Еліміз басты ұлттық мерекенің алдында тұр. Осы датаның мән-маңызы, қадір-қасиеті туралы көзкөрген ретінде біздің де айтарымыз бар емес пе? Көрмені ашу кезіндегі құттықтаудың аясына сыймаған жайларды неге қағазға түсірмеске?
Жансарай • 23 Қазан, 2025
Еркіндіктің елең-алаңындағы құжат
Өткен ғасырдың 90-жылдары жарты әлемге билігін жүргізген КСРО-ның көбесі сөгіліп, қуаты кеміп, қайраты қайтқаны күн өткен сайын біліне бастап еді. Керегесі қисайып, шаңырағы шайқала бастаған одақтан алғаш болып Балтық елдері ат құйрығын кесісіп шықты. Кезіндегі державаның дәрмені қалмағандықтан қалған одақтас республикалар да өз алдына ел болудың қамын жасай бастады. Алда не боларын болжап білмесе де халықтың дені сол кездегі саяси үдерістерге аса елеңдеулі еді. Осындай алмағайып кезеңде 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны» қабылдадық. Осы тарихи оқиғаға қатысқанымды ел алдындағы қызметімнің үлкен бір белесі сезінемін.