Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Жетісуда заманауи зауыт салынады
Кербұлақ ауданында алдағы жылдары жаңа өндіріс ошақтары бой көтеріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашпақ. Инвесторлар Сарыбұлақ ауылында сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндіретін зауыт пен қуаты 110 МВт/сағ болатын күн электр стансасын салуды жоспарлап отыр.
Маман • 23 Қазан, 2025
Мал дәрігеріне де мәртебе керек
Мал дәрігерінің байырғы мәртебесі келмеске кеткендей. Өйткені ветеринар маманның бейнеті қалың, жалақысы мардымсыз. Бұл енді жер-жердегі мәселе. Мәселен, біздің өңірде 100-ге тарта мал дәрігері жетіспейді. Мемлекет басшысы ветеринария саласын реформалау мен цифрландыру қажеттігін Жолдауда қадап айтқан болатын. Алайда аталған саланың айналасындағы шикіліктің көптігінен болар, кадр тапшылығы көп шаруаның шешілуіне кедергі болып отыр.
Қоғам • 23 Қазан, 2025
Отбасы мен әулет құндылығын асқақтатқандар
Астанада Республика күні қарсаңында дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Әр өңірдегі аймақтық іріктеу сынында дараланған отбасылар сыйға кенеліп, құрметке бөленді.
Банк • 23 Қазан, 2025
Банк секторы бәсекелестікке дайын ба?
2025 жылдың соңына дейін қабылдануға тиіс «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңның нүктесі қойылар күн жақын. Жаңа құжатты қаржы жүйесінің барлық архитектурасын жаңартудағы маңызды қадам деп сипаттауға болады. Бұл Президенттің Жолдауда жүктеген цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні пайдалану туралы міндеттерімен тікелей байланысты.
Білім • 23 Қазан, 2025
Балалардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Сол себепті оқу жылының басынан бастап білім ұйымдарында оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты енгізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сай қант мөлшері 3,6 есеге, ал тұз мөлшері 5 есеге азайтылды. Сонымен қатар оқушылар рационында көкөніс, жеміс және сүт өнімдерінің үлесі артқан. Ас мәзірінен шұжық өнімдері, қақталған тағамдар, спредтер, тұз бен қант мөлшері жоғары өзге де өнімдер толықтай алынып тасталмақ. Газдалған тәтті сусынның орнына балаларға енді сүт өнімдері, сондай-ақ қант мөлшері төмен жеміс шайлары мен компот ұсынылады.