Тарих • 22 Қараша, 2024
Элизабет Бэкон көрген Қазақстан
Батыс ғалымдарының халқымыз туралы ғылыми еңбектер жазып, оны Америка сынды алпауыт елдің баспаларынан шығаруының маңызы зор екенін бұған дейін де айтқанбыз. Біздің бай тарихымыз, табиғи ресурстарымыз және отанымыздың геосаяси маңызы әлемдік зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келе жатқанына шамамен екі ғасырдан асты.
Таным • 22 Қараша, 2024
Алматыда өтіп жатқан XII халықаралық «Ұлы Жібек жолы бойымен» кітап және полиграфия көрмесі аясында Майя Бекбаеваның «Жошы хан. Ұлық ұлыстың билеушісі» атты кітап-альбомы таныстырылды. Аталған еңбек – халқымыздың бай тарихи мұрасын заманауи көзқарас тұрғысынан жаңаша ұсынған ерекше жоба.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Сәкен, Ілияс, Бейімбет ұлықталды
Ұлттық музейде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының қолдауымен халық «әдебиет алыптары» атап кеткен Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы кеңесі бастап ұйымдастырған іс-шараға ғалымдар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мирас • 22 Қараша, 2024
Қазақ эпостарының құнарлы қайнары
«Алтын Орда дәуірінің фольклоры мен әдебиеті, өнері мен мәдениеті» деген тақырып Еуразия түркі халықтарының гуманитарлық ғылымында кеңес өкіметі құлағаннан кейін ғана орныға бастады. Бұл орайда, кейінгі жылдары татар, башқұрт, ноғай ғалымдарының Алтын Орда дәуіріндегі рухани алтын өзекті аршып көрсетуге байланысты батыл ізденістер жасап жатқаны атап айтуға тұрарлық. Ол зерттеулердің барлығында арғы бастауын Ұлық ұлыс дәуірінен алып, кейіннен түркі халықтарының мұрасында шалқарын тапқан шығармаларды «Алтын Орда дәуірінің мұрасы» деп қарастыруды жөн санайды. Бұл мақала көлемді ғылыми жұмыстың қысқаша баяны. Дегенмен сол көлемді дүниенің маңызды деген тұстарын түйіндеп көпшілікке ұсындық.
Тарих • 22 Қараша, 2024
Абылай хан туралы жаңа деректер
Петропавлдағы «Абылай ханның резиденциясы» музей кешені қазір ханның өмірі мен қызметін зерттеудің орталығына айналып келеді. Мұнда баһадүр бабамызға байланысты зерттеулер мен оның заманын ғылыми тұрғыдан талдаған көптеген дерек шоғырланған. Сонымен бірге хан заманы мен оған қатысты кітаптар да жетерлік.