Спорт • 22 Қараша, 2025
Орал қаласында қазақша күрестен «Өнер барысы» турнирі өтіп, оған облыстың мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Туған ауылынан тапжылмаған Мелістің балалық шағы ауыр жылдармен тұспа-тұс келген еді. Қаршадай қара баланың көрмегені жоқ. Әкесі майданнан оралмады. Ауыр бейнеттен көк иық болған шешеде дамылдық болмайды. Бір үйде үш бала. Ересегі өзі болғандықтан, іні-қарындасына нан тауып берудің қамымен күзгі жиын терінде масақ теретін-ді.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті. Қазақ музыкасының көпқырлы мұрасын филармония ұжымдарының жоғары кәсіби деңгейі арқылы паш еткен ән мен күй мерекесі ерекше мәдени оқиғаға айналды.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Биыл белгілі қаламгер, филолог-ғалым, ұлт қайраткері Сапабек Әсіптің туғанына 100 жыл толды. Қарт көсемсөзші бар саналы ғұмырында Алаш ардақтылары ұстанған ұлт мүддесін мұрат тұтты. Осы жолда күрескерлік мақсатынан таймады.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!
Биыл елімізде эпидемиялық маусым әдеттегіден ертерек басталды. Былтыр алғашқы жағдайлар қарашада анықталса, биыл қазан айының басында тіркелді. Нақ қазір елде тұмаудың 590 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталған. Сондай-ақ А типті тұмаудың 587 жағдайы тіркеліпті. Сосын, көпшілік талқылап, «Гонконг» деп атап жүрген тұмаудың түрі де вирустың жаңа штамы емес.