Руханият • 22 Қараша, 2025
Қаздар қайта салысымен жауған қар еріп кеткен. Таудың теріскейінде ғана ала қанаттанып жатыр. Күздің ұзақтығы төрт түлікпен күнелтіп отырған ауылдағы ағайынға жайлы болып тұр.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстанның футболшылары өзінің 115-орнын сақтап қалды. Жерлестеріміз Мавритания мен Малайзияның ортасында тұр.
Заң мен Тәртіп • 22 Қараша, 2025
Жетісуда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Жылдағыдай емес, тәртіп бұзушылардың саны азайған. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарымен тікелей жүздесу барысында бейресми жалға беріліп жүрген 62 пәтерді анықтады. Оның көбі облыс орталығы Талдықорған қаласында тіркелген.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Ұлы ақын ұрпағы сая тапқан қала
Биыл елімізде дана Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті. Ақынның туған жері Семей өңірімен қоса республиканың әр аймағында ұлы ойшылдың мерейтойы тойланды. Шымкент қаласы да солардың қатарынан қалмай біраз іс-шараны республика деңгейінде ұйымдастырды. Оның ішінде «Абай әлемі» мен «Абай оқулары» байқауларын айтып өтуге болады. Мегаполисте Абай Құнанбайұлы атында үлкен саябақ бар. Сол саялы мекен төрінен 2009 жылы «Хакім Абай» деп аталатын музей ашылған.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жерлестеріміз табысты өнер көрсетіп жатыр. Джиу-джитсу сайысында Серік Алдияр чемпион атанды. 69 кг салмақта бағын сынаған отандасымыз финалдық тартыста саудиялық Мохаммед Хурайминаны айқын басымдықпен жеңді. Серіктің жеңісті сапарын Мариан Журавлева жалғады. 70 кг салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан белдесуге шығып, финалда палестиналық Даниа Обейдті оңай ұтты.