Экономика • 22 Қараша, 2025
Жамбыл облысында өндіріс саласын өркендетуге басымдық беріліп отыр. Атқарылған жұмыстың нәтижесі де көңіл көншітеді. Кейінгі 10 айдың бедерінде өңірде 1 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткішпен Жамбыл облысы өңірлер арасында көш бастап тұр. Жалпы, облыс аумағындағы 919 кәсіпорында 41 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Биыл өңірде бірнеше кәсіпорын ашылған еді. Күні кеше сол үрдіс сәтімен жалғасты.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Ерлан Ақкенженов: Энергетика саласын жаңғырту – стратегиялық міндет
Мұнай-газ химиясын дамыту, газ өңдеу қуатын арттыру мен жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту – Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі. Осы маңызды мәселелердің мән-жайын білу мақсатында Энергетика министрі Ерлан АҚКЕНЖЕНОВ мырзамен сұхбаттасып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ірі жобалардың барысын, көмірсутектерді терең өңдеу келешегін, алдағы жылдарға жоспарланған жаңғырту шараларын нақтылап алдық.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Алатау – заманауи урбанистика үрдісіндегі шаһар
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Алатау қаласын дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар мен урбанистер қатысқан жиында Мемлекет басшысы жүктеген – қаланы халықаралық іскерлік, инновациялық және технологиялық хабқа айналдыру міндетін іске асыру тетіктеріне баса назар аударылды.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
«Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Астанада Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күні қарсаңында «Amanat» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық және кәсіби қызметте айрықша нәтижеге қол жеткізген ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беріледі.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Қазақстан – Армения: Сенім мен жауапкершілікке негізделген серіктестік
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елімізге мемлекеттік сапармен келді. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Ақордада салтанатты рәсіммен қарсы алды. Әдеттегідей тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұрандары шырқалды.