Қоғам • 21 Қараша, 2025
Саяхатшылар қатары артып келеді
Кейінгі жылдары Атырау облысына туристердің қызығушылығы арта бастады. Биылғы жылы бұл өңірге 83 мыңнан астам адам саяхаттап келді. Бұл былтырғы көрсеткіштен 19%-ға көп.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Майра Ілиясова: Дәстүрлі ән – ұлт рухының тірегі
Қашан көрсең де жайдары қалпынан бір танбайтын Майра апайдың мамыражай мінезіне үйренген біз, бұл жолы телефон шалып, сұхбат құрғымыз келгенін айтқанда: «Осы «Egemen Qazaqstan» журналистері маған өкпелі ме екен? Көптен бері хабарласпай қойды ғой» деп жүр едім, қоңырау соққаның жақсы болды», деп тұтқаның арғы жағынан назы мен ілтипатын қатар білдірген әнші кездесу орнын белгіледі. Сөзінің де, сазының да бабы келіскен өнер иесі шешіліп сыр ашты. Жансарайының сәулесімен көңілімізге көктем сыйлады. Өзі сияқты әңгімесі де әдемі әнші бүкпесіз ақтарылды.
Кино • 21 Қараша, 2025
Астанада «КОБА» сериалының премьерасы өтті: қазақы нуар қалай жасалды?
Астанада «КОБА» атты жаңа қазақстандық криминалдық драманың офлайн-премьерасы өтті. Сюжеттің негізінде сүйіктісінің жұмбақ өліміне қатысты істі тергеп, қылмыстық топтың ізіне түсетін арнайы қызмет маманының хикаясы көрсетіледі. Сериалды Кинопоиск платформасынан эксклюзивті түрде көруге болады.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Бельгиялық журналист – туризм елшісі
Еліміздің Бельгиядағы елшілігінде елші Роман Василенко «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы атынан «Қазақстан Республикасы туризмінің елшісі» құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Бұл 150 жылдан астам тарихы бар көне сурет – Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан өңірлерінің төре-сұлтандары мен болыс, билерінің, сондай-ақ орыс-қазақ мектептерінде білім алған жастардың тарихи келбетін сақтаған құнды дерек.