Руханият • 20 Қараша, 2025
Олжас ақынның тұлғасы ТҮРКСОЙ-да ұлықталды
Анкарада белгілі қазақ ақыны, академик, дипломат, түрколог және Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің әйгілі «АЗ и Я» (1975-2025) кітабының жарық көргеніне 50 жыл толуына орай «Олжас Сүлейменов. Масштаб. Планета. Жер» атты халықаралық көрменің ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Қалғып-мүлгіген жүргізушіні ЖИ оятады
Астанада Көлік министрлігінің қолдауымен «Kaztraffic-2025» көрмесі өтіп жатыр. Биыл елімізде 21-ші мәрте ұйымдастырылған іс-шарада Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден 200-ден астам компания бас қосты. Олардың ішінде жасанды интеллектінің көмегімен жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге басымдық берген «Астана Тазалық» серіктестігі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Қараша, 2025
Түркістандағы өрт: Зардап шеккен тағы бір адам Шымкентке жеткізілді
Түркістан облысындағы Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 1990 жылы туған әйел Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қараша, 2025
Елімізде бір мезетте бір жарым миллион оқушы мазмұндама жазған
Дүниежүзілік балалар күніне орай, «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен бір мезетте мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазған. Оған республика бойынша 1,5 млн бала қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Алматыда екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шекті
Алматы қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 қоғамдық көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.