Жасанды интеллект • 20 Қараша, 2025
ЖИ саласына серпін беретін заң
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды. Еліміз әлемде мұндай кешенді реттеу тетігін алғаш қабылдаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл құжат ЖИ арқылы жасалған контентті міндетті түрде белгілеуді, азаматтардың жеке деректерін қорғауды, ақпараттық манипуляцияға жол бермейтін тетіктерді қамтиды. Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң цифрлық қауіпсіздік пен жауапкершілік мәдениетін күшейтеді.
Digital • 20 Қараша, 2025
Алдағы 24 қарашадан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсіміне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Қызмет тек онлайн форматта – «eGov.kz» электрондық үкімет порталы немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы көрсетіледі.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Атакәсіпке мұрагер қалмай бара ма?
Еліміздің мал шаруашылығы саласында алаңдатарлық үрдіс байқалады – ауылдағы фермерлер мен малшылардың жасы ұлғайып, олардың орнын басар жас буын азайып бара жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да, әлеуметтік тұрақтылық тұрғысынан да көңілде алаң тудырады.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Мемлекет басшысының жерді тұрақты айналымға енгізу және жайылым тапшылығы мәселесін шешуге қатысты тапсырмасы Павлодар облысында айтарлықтай орындалып жатыр деуге болады. Алайда жер қатынастары саласында туындаған бірқатар мәселе бар. Дәл қазір Ертіс – Баян өңірі бойынша 78 ауылда жайылымдық жер жетіспейді. Билік өкілдері жағдай бұлай жалғаса берсе, тұрғындар түлігін қорада ұстау тәсіліне көшу керек деп есептейді.
Саясат • 20 Қараша, 2025
Өңірді өркендетудегі ілкімді істер
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында өңірдің әлеуметтік-экономикалық жай-күйін баяндады. Биыл өңір инвестиция тартуға күш салған. Облыс басшысының айтуынша, өзге салаларда да өсім байқалады.