Энергетика • 19 Қараша, 2025
Шұбаркөл көмірі қайда жөнелтіледі?
ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ қазан айында бірнеше бағыт бойынша рекорд орнатып, Қазақстан көмір өнеркәсібінің көшбасшысы екенін кезекті мәрте дәлелдеді. «Сол Шұбаркөлдің отыны қайда кетіп жатыр?», «Биылғы жылыту маусымына жете ме?» деген сауалдарды кәсіпорын басшысы Сергей Кимге жолдап, тұщымды жауап алдық.
Саясат • 19 Қараша, 2025
Әлемдік БАҚ: Орталық Азияның жаңа дәуірі
Егемендік туын көтеріп, еңсесін тіктеген Қазақ еліне әлемнің алпауыт державаларымен тең дәрежеде қатынас орнатып, көпвекторлы саясатты ұстану – стратегиялық таңдаудың бір парасы ғана. Сонымен қатар тарихы тамырлас, діні мен тілі жақын, құдайы көрші бауырлас халықтармен байланысты нығайтып, өзара сенім мен сыйластықты тереңдете түсу – мемлекетіміздің өркендеуі мен өңірлік қауіпсіздіктің аса маңызды тірегі.
Басылым • 19 Қараша, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасаған мемлекеттік сапарын әлемдік БАҚ жарыса жазды. АҚШ, Батыс медиа кеңістігінің бірқатары еліміз бен Ресей арасындағы қарым-қатынасты сөз ете отырып, Қытайды да кірістіріп өтеді. Сондай-ақ сирек металдар мен атом энергетикасына қатысты келісімдерге басымдық береді. Орыс, түрік, қытай, өзбек басылымдары екі ел арасындағы көршілік қатынас, экономикалық байланыстарға баса тоқталады. Десе де, барлығы да екі ел басшысы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық орнатумен қатар, олардың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы одан әрі тереңдей түсті деп қорытындылайды.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Мұқтаж жандарға қамқорлық – қоғам парызы
Алматы қаласында күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – мұқтаждық пен мүгедектігі бар жандарға қарайласу, әлеуметтік тұрғыда қолдау танытып, түйткілді жайттарды реттеп отыру. Мегаполисте мұқтаж азаматтарға 17 түрлі әлеуметтік көмек түрі қарастырылған. Осы іске жауапты мекемелер әлеуметтік осал топтарға қолдауды күшейтіп, цифрлық қызметтерді көптеп енгізіп жатыр.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Өңдеуші өндіріске инвестиция тарту мүмкіндіктері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыру бағытында Ақтөбе облысында ауқымды істер қолға алынған. Облыс экономикасын әртараптандыру, импортқа тәуелділікті азайту мен өңдеу өнеркәсібін дамыту – өңір үшін стратегиялық басымдыққа айналып отыр.