Білім • 19 Қараша, 2025
Білім келешегі – Абай мен Ахмет тіліндегі мектеп
Алматыда ата-аналардың наразылығын туғызған мектеп дауы әлі шешілген жоқ. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында қаланың Бостандық ауданында салынған №224 мектеп жарғысына сәйкес мемлекеттік тілде ашылуға тиіс еді. Алайда наразы топ білім ордасының аралас мектеп болуын талап етіп отыр. Балаларын ана тілінде оқытқысы келетін ата-аналардың дені бұған үзілді-кесілді қарсы. Мектеп тапшылығынан балаларын қашыққа тасып қажыған олар қазақ тілінде ашылуын қалайды.
Жастар • 19 Қараша, 2025
Жаңа буынның жасампаз бастамасы
Бүгінде шетелде білім алып, кәсіби тәжірибеден өткен қазақ жастарының саны жетіп артылады. Бірі – мемлекеттің «Болашақ» бағдарламасы арқылы, енді бірі – табандылығы мен өз қаражатына сүйеніп қанат қақты. Осы азаматтардың арасында жиған-терген ой қазынасын туған елдің өркендеуіне жұмсаймын деп саналы түрде оралғандар бар.
Медицина • 19 Қараша, 2025
Жүрек ақауын емдеудің тың тәсілі
Қарағанды облыстық №2 көпсалалы ауруханасында өңір медицинасы тарихындағы айтулы оқиға болды. Мұнда алғаш рет электродсыз кардиостимуляторды имплантациялау операциясы сәтті өтті. Бұл – жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарын емдеудегі жаңа буын технологиясы, науқастардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған заманауи шешім.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Дронмен мал бағып, GPS-пен бақылайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында саланы цифрландырудың маңызы туралы тоқталып, шығынды азайтып, өнімділікті арттыру үшін жаңа технологиялардың мүмкіндігін мейлінше тиімді пайдалану керек екені туралы айтқан еді. Бұл бағытта біршама ілгерілеушілік бар. Мәселен, арқаның аграрлық саласы заманауи құрал-жабдықтармен толығып, жұмыс жүйелене түскен. Айталық, малшылар бұрынғыдай жоғын іздеп, тау-тас кезбейді. Жылқысының қай төңіректе жүргенін ұялы телефонынан қарап, тез тауып алады. Бұл – смарт-агро технология әкелген игілік.
Білім • 19 Қараша, 2025
Жұмысшы мамандықтарының әлеуеті зор
Елордада «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Болашақтың жұмысшы мамандықтары» форумы өтті. Ауқымды іс-шараға техникалық және өндірістік салаларға қызығушылық танытатын, кәсіби өрлегісі келетін бес жүзден астам жас қатысты. Қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат алып, сарапшылардың кеңесін тыңдады. Сондай-ақ Астанадағы жетекші жұмыс берушілермен пікір алмасып, заманауи өндірістің қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көрді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, жастардың қызығушылығын арттыруға тапсырма берген. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деген еді Президент. Аталған іс-шара осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.