Өшпес даңқ • 19 Қараша, 2025
Жоғары атаққа ие болған медбике
Ол Халықаралық «Қызыл Крест» қоғамының «Флоренс Найтингейл» медалінің иегері еді. Иә, майдангер Рәзия Ысқақованың туғанына 103 жыл толып отыр. Шымкент жоғары медициналық колледжіне арнайы барғанымызда, 2016 жылы Халықаралық «Қызыл Крест» қоғамының «Флоренс Найтингейл» медалінің иегеріне арнап орнатылған ескерткіш тақта көзімізге оттай басылды. Арнаулы орта оқу орнының директоры Ғалым Әбіш, директордың орынбасары Мұхтар Әбдіханов, әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлмира Дәрібаевамен жолығып, майдангер Рәзия Ысқақова туралы ғылыми-конференция, оның көзін көргендермен кездесу, «дөңгелек үстел» мәжілісі ұйымдастырылып жатқанын білдік.
Тағзым • 19 Қараша, 2025
Адам өмірінің шынайы құны оның артында қалдырған ізінен, ел жадында сақталған өнегесінен танылса керек. Ел игілігіне жарау – пенденің маңдайына жазылған ең ұлы сынақ әрі ең ұлы мүмкіндік. Расында, өмірдің мәні де – оның ұзақтығында емес, мазмұнында. Кей адам жалғанның жарығына келіп, ғасыр жасаса да, ізі білінбей өте шығады, ал енді бірі өмірін ізгілік пен еңбектің нұрына шомылып, артында өшпес өнеге қалдырады. Ғибратты ғұмыр иесі деп біз әдетте сондай жандарды атаймыз.
Бизнес • 19 Қараша, 2025
Өнеркәсіптің өрісі кеңейіп келеді
Алматы облысына қарасты Қарасай ауданы – өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Аудан экономикасының жетекші саласы – өнеркәсіп өндірісі. Мұндағы кәсіпорындарда 6,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, бұл аудан өнеркәсібінің жалпы өнімінің 90 пайызын құрайды. Сондай-ақ өңірдегі 18 ірі жүйе құраушы кәсіпорынның жетеуі Қарасай ауданында шоғырланған.
Ғалам ғажаптары • 19 Қараша, 2025
Қарғаның есте сақтау қабілеті бар
Ғалымдар қарғаның ойлау жүйесі кейбір маймылдардан да жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Ең қызығы – қарғалар адам жүзін есте сақтап қалады.
Спорт • 19 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында таеквондодан Бауыржан Хасенов күміс медаль иеленді. 82 кг салмақта сынға түскен жерлесіміз финалдық сайыста өзбекстандық Марат Мавлоновтан аса алмады. Ал Нұрбек Ғазез (67 кг) қола медаль олжалады.