Қоғам • 18 Қараша, 2025
ЛГБТ-ны жақтаушылар ақпараттық шабуылға көшті: қоғам белсендісі Парламентке үндеу жасады
Елдегі ЛГБТ пропагандасын шектеу туралы петицияны ұйымдастырған белсенді Бағила Балтабаева әлеуметтік желіде Парламентке үндеу тастады. Оның сөзінше, ЛГБТ-ны жақтаушылар ЛГБТ-пропаганданы шектеу туралы заңды қабылдамауды талап етіп жатыр. Ол Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа жолдаған хатында ЛГБТ қозғалысы өкілдерінің қысымы мен арандатушылық әрекеттеріне бой алдырмауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Батыс Қазақстанда болған жол апатына байланысты жаңа деректер жария болды
Батыс Қазақстан облысында 8 адам қаза болған жол апатының мән-жайын анықтау және зардап шеккендерге көмек ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің өзі басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 18 Қараша, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының алдағы матчтарын Астанада өткізеді
Алматылық «Қайрат» биылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы кездесулерін елордадағы «Астана Аренада» өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Қараша, 2025
Алматы облысында алғаш рет асқазанға тың әдіспен ота жасалды
Алматы облысында алғаш рет бариатриялық-метаболикалық ота жасалды. Аймақ үшін маңызды бұл жоғары технологиялық хирургиялық ем-шара Іле орталық аудандық ауруханасында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Қазақстан әлемдегі ТОП-100 суперкомпьютер қатарына енді
Қазақстанда алғаш рет іске қосылған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері халықаралық TOP500 рейтингінде 86-орынға көтеріліп, әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің қатарына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.