Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Аққанат Смағұлова: Шетел сахнасында қазақ өнерін таныту – ең үлкен марапат
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 19 қараша күні талантты жас биші, халықаралық байқаулардың лауреаты, аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлованың жеке шығармашылық кешін өткізеді. Осы орайда би әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, ұлттық хореографияның абыройын асқақтатып келе жатқан жас өнерпазбен сұхбаттасудың сәті түсті.
Инфляция • 18 Қараша, 2025
Қазан айында инфляция төмендеді: жылдық көрсеткіш 12,6%-ды құрады
Ұлттық банктің мәліметінше, қазан айында Қазақстандағы жылдық инфляция тағы біршама бәсеңдеп, 12,6%-ды құрады. Қазан айында он өңірде баға өсімі баяулап, алты өңірде керісінше жеделдеп және тағы төртеуінде өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Үкімет тарапынан азық-түлік бағасына бақылау күшейтіледі
Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Шығыс Қазақстанда жастар жасанды интеллект бағытындағы ерекше жобалар ұсынды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «AI-Sana: EKTU Demo Day» атты күзгі форум өтті. Іс-шара ұлттық AI-Sana бағдарламасы аясында, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қараша, 2025
Маркетплейстердегі тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу ережесі реттелмек
Аталған бөліп төлеу ережесі – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (КНРДА) тарапынан реттеледі. Бұл туралы LS тілшісіне берген сұхбатында КНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.