Саясат • 18 Қараша, 2025
Қазақстан – Өзбекстан: Өркендеу жолындағы стратегиялық серіктес, сенімді одақтас
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапарының екінші күні Ташкенттегі «Көксарай» резиденциясында екі ел Президенттерінің келіссөзінен басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристі салтанатты рәсіммен қарсы алды. Тараптар алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, бұдан кейін екі елдің әнұраны шырқалды.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Медицина мекемелерінің мүмкіндігімен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналық зерттеу орталығын аралап, Президент тапсырмаларының жүзеге асу деңгейін тексерді. Сапар барысында озық жабдықтармен жарақтандыру, жаңа терапия түрлерін енгізу, ғылыми зерттеулерді күшейту мен ядролық медицинаны дамыту мәселелері талқыланды.
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Тәртіпті күшейту – басты назарда
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мен жекеменшік мектептерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарау мәселелері талқыланды. Жиын Мемлекет басшысының бюджет қаражатын цифрландыру арқылы тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына арналды.
Саясат • 18 Қараша, 2025
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Эстон кітабының 500 жылдығына арналған көрменің және Эстон әдебиеті бұрышының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Эстония президенті Алар Карис мырза қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді.