Сұхбат • 18 Қараша, 2025
Дастан Рыспеков: Ұлытаудың ұпайы түгенделіп келеді
Ұлытау облысы – тарихи мұраға да, табиғи байлыққа да кенде емес. Облыс ретінде құрылғанына үш жылға жуық уақыт өткен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақты арнаға бағыттап, әлеуетін арттыру жолында бірқатар жүйелі жұмыс қолға алынды. Биылғы негізгі көрсеткіштер мен жүзеге асқан жобалар – соның дәлелі. Осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде Ұлытау облысының әкімі Дастан РЫСПЕКОВПЕН әңгімелескен едік.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Жұмысынан айырылғандарға демеу
Биыл 1 қарашаға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмысынан айырылған 308,4 мың адамға әлеуметтік төлем аударды. Олардың арасында 268,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 106,8 млрд теңге.
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Мақаншы – елдің шетінде, желдің өтінде тұрғанымен, еліміздің ең берік шебі, туристік, транзиттік, кедендік, экономикалық маңызы бар аудан. Бір кездері таратылып кеткен аудан бүгінде қайта түлеп келеді. Президент бастамасымен Мақаншының тарихи мәртебесі қайтарылып, тыныс-тіршілігіне қан жүгіре бастады.
Білім • 18 Қараша, 2025
Академиялық адалдық жауапкершіліктен басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару керектігін айтқан еді. Өйткені «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Бұл ұғым «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізіне айналды. Онда қараша айының құндылығы ретінде «Әділдік және жауапкершілік» қағидаты белгіленген. Аталған қасиеттер тек мінез өлшемі емес, сонымен қатар білімнің сапасын анықтайтын басты шарт. Өйткені шынайы білім әуелі адал азаматқа қонады.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Еліміздегі үш мегаполис пен облыс орталықтарында инватакси қызметі бар. Инватаксидің игілігін тегін көріп келе жатқан жандар үшін биыл тағы бір қанатқақты жоба іске қосылды. Алдымен Алматы, Астана жүзеге асырылып, сынақтан өткен игі бастама келешекте өңірлерді де қамтиды.