Білім • 18 Қараша, 2025
Ел ертеңіне салынған инвестиция
Білім – елдің ең басты байлығы, ұлттың баянды болашағына жол ашатын құндылық. Осы қағиданы мықтап ұстанған өңірде кейінгі жылдары білім беру саласын мейлінше жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді.
Қоғам • 18 Қараша, 2025
Ертеректе ағайын арасы жақын, көрші-қолаң аралас-құралас тұрған заманда төрдегі үлкен кісілеріміздің қабағы ашық, көңілі сергек отырушы еді. Келімді-кетімді кісі аяғы толастамайтындықтан, жалғыздық дегенді сезіне қоймайтын. Ауыл іргесі сөгіліп, халықтың дені қонысын қалаға ауыстырған соң, жағдай өзгерді. Балалары жұмысбасты, ағайын арасы алыс, замандасы сиреп қалған кейбір қария көппәтерлі үйдің ең жоғарғы қабатында ұзақ күн жалғыз отырып қалатыны да рас. Мамандар адам өмірінің қысқаруына да осы жалғыздық себеп болатынын айтады. Демек қала тұрмысы көп отбасының тарихында бұрын-соңды болмаған жаңа бір қажеттілікті туындатып отыр. Гериатриялық орталық осы қажеттілікті өтеп отырған мекеме.
Білім • 18 Қараша, 2025
«Ақылды колледж» жобасы іске қосылмақ
Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері бірлесіп, «ақылды колледж» стендін жасады. Жоба қашықтан басқару жүйесіне негізделіп, колледж ішіндегі электр мен сумен жабдықтау жүйесін бір орталықтан автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Кино • 18 Қараша, 2025
Отандық фильмдер – Ташкент төрінде
Ташкентте «Орталық Азия: ортақ рухани-ағартушылық мұра – ортақ болашақ» атты Халықаралық конгресс аясында Орталық Азия елдері мен Әзербайжан кино күндерінің салтанатты ашылуы өтті.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен іс-шарадан шыққан соң, құлағымда Құрманғазының «Адай» күйінің сарыны саңқылдап тұрды. Әлгінде ғана өзге ұлт балалары аталған күйді орындағанда саусақтарына, сосын домбыраның пернесіне үнсіз назар салып отырғаным рас. Бұрынғыдан басқаша, тіпті әуезді шерткенін де отырған жұрт байқады. Бұндай өнер көрсету үшін өнерпазда таза жүрек болуға тиіс.