Өнер • 18 Қараша, 2025
Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы құрамындағы Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің әлемдік турнесі биылғы күздің айрықша оқиғасы ретінде есте қалды. Өнерлі төрттік өзінің мемлекеттік мәртебеге ие болған 30 жылдық мерейтойын атап өту аясында халықаралық сахналарға шығып, қазақ музыкасының бай дәстүрін әлемдік аудиторияға паш етті.
Форум • 18 Қараша, 2025
Ауыл мектебіндегі халықаралық форум
Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мен биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының нәтижесінде өңір-өңірде ауқымды бастамалар қолға алынды. Осы орайда Алматы облысында білім беру жүйесін инновациялық және технологиялық бағытта дамыту мақсатында «Ғылым. Инновация. Болашақ. STEAM AI» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік халықалық форум өтті. Іс-шара Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы №27 «Келешек мектебінде» ұйымдастырылып, еліміздің және шетелдің жетекші педагогтері мен ғалымдарын, инновациялық білім беру саласының мамандарын біріктірді.
Өнер • 18 Қараша, 2025
Дәстүр мен дизайнды үйлестірген
«Саусақ бірікпей, ине ілікпейді». Бұл – атадан балаға мирас болған қолөнердің алпыс екі тамырына қан жүгіртіп, заманға сай түрлендіре дамытып отырған Бекдайыр әулетінің берік ұстанымы. Бүгінде Қарасай ауданында тіршілік етіп отырған өнерлі отбасының есімі өңір жұртшылығына кеңінен таныс.
Бизнес • 18 Қараша, 2025
Шағын және орта бизнесті дамыту – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартудың басты тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде іске асып келеді. Әсіресе өңірлік кәсіпкерлікті қолдау – жалпыұлттық экономиканың берік іргетасы. Осы орайда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен «Даму» қорының бағдарламалары талай іскер азаматтың арманын ақиқатқа айналдырды. Жаңа өндірістердің қанат жаюына мүмкіндік берді. Қарағанды облысы – соның айқын дәлелі.
Зерде • 18 Қараша, 2025
Қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарының бірі – қазақтан шыққан алғашқы кеңес офицерлерінің бірі Ахмет Малдыбаев. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Тауағаш ауылында дүниеге келген. Арғы атасы Айбас, одан Құртай, Көбек, Байсүгір, Жансүгір, Бәйтерек, Қаржау деген алты ұл туады. Осындағы Көбектен Малдыбай мен Байсымақ туған. Малдыбай батыр тұлғалы, жаужүрек, өткір жан болыпты. Етті де сол кездегі қазақ салтымен мол жейді екен. Бір тайдың етін бір өзі тауысқаны сияқты аңыздар бар. Оның Баймағанбет, Құлмағанбет, Досжан және Мұқан деген балалары болған. Малдыбайдың Құлмағанбетінен Сәду, Сейтен, Молдақай және 1896 жылы Ахмет туады. Біз әңгіме еткелі отырған Ахметтің ата-тегі осындай.