Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Бұл жолы аң-құс кездесе қоймады. Күзге салым асыр салған аю атаулы да апанына кіріп, қысқы ұйқыға кетсе керек. Батыс Алтайдың бытысқан тайгасына тікұшақпен рейд жасап келеміз. Бәрі алақандағыдай. Заңсыз ағаш кесіп, аң аулаған қаскөйлер кездесе қалса, борттағы инспекторлардан құтылып кетуі екіталай.
Тағзым • 18 Қараша, 2025
Қазақтың рухани әлемі қолына қалам ұстағалы ұлтын сүю мен ұлтқа қызмет етудің өзгеше үлгісін қалыптастырған Күләш Ахметова есімді қайталанбас ғажайып ақынынан айырылғанын сезініп отырмыз.
Тағзым • 18 Қараша, 2025
Қазақ әдебиетінде «Соғыстан соң туғандар» дейтін ұлы буынның ірі өкілі, қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақын Күләш Ахметованың өмірден өтуі бәрімізге де ауыр тиді.
Қаржы • 18 Қараша, 2025
Балқаш әуежайын жаңғыртуға қаржы бөлінді
Үкімет Мемлекет басшысының өңірлік көлік хабтарын дамыту мен әуе қатынасы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Балқаш қаласының әуежайын реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 945 млн теңге бөлді.
Заң • 18 Қараша, 2025
Қостанайда бір аптада мас күйінде көлік жүргізген 49 адам ұсталды
Қостанай облысында соңғы екі күннің ішінде 3061 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Полиция 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегін анықтап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.