Қоғам • 28 Қараша, 2025
80 мыңға жуық шетел азаматы Қазақстанда емделген
Елімізде медициналық туризмнің дамуына ықпал ететін «GlobalMedKz» халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Оған отандық және шетелдегі бірнеше медициналық ұйымдар, салада тәжірибесі бар жетекші компаниялар қатысты. Көрмеде бұрын-соңды жиі қолданылмаған инновациялық, IT шешімдер ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2025
Байқоңырда «Союз МС-28» зымыранын ұшыру кезінде аса қауіпті жағдай тіркелді
«Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болды. Кеше Астана уақытымен сағат 14:27-де ұшырылған зымыран-тасығыштың бір бөлігі Ұлытау облысынан табылды. «Роскосмос» зымыран ғарыш станциясымен сәтті түйіскенімен, зақымданған бөліктер бар екенін растап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 28 Қараша, 2025
Netflix футболдан ағылшын премьер-лигасын көрсетуі мүмкін
Америкалық Netflix платформасы футболдан ағылшын Премьер-лигасының трансляциясын көрсету құқығын алуды көздеп отыр. Алып компания жазылушыларға арналған спорт туралы контент санын көбейткісі келеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
Нью-Йоркте жылдамдықты асырған жүргізушілердің көлігіне арнайы құрылғы орнатылады
Нью-Йорк билігі жылдамдық режимін сақтамайтын жүргізушілерге Stop Super Speeders Act деп аталатын заңнама дайындап жатыр. Құжатта көлікке GPS арқылы жолдағы рұқсат етілген жылдамдықты анықтайтын және оны бағдарлама көмегімен сағатына 5 мильден (8 км/сағ) асырмайтын арнайы құрылғы орнату туралы жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2025
1998 жылы жер бетін аралауға аттанған жиһанкез үйіне оралуға жақын
Британдық бұрынғы десантшы Карл Бушби 27 жылға созылған сапарының соңғы кезеңіне жетті. Саяхатшының айтуынша, ол сапарға шыққан кезде әлеуметтік желі болмаған, енді ғаламтор кеңістігі дамып, түбегейлі өзгерген әлемге тап болып отыр, деп жазады Egemen.kz.