Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Қырғызстанның экс-премьері Темір Сариев "Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселелерді шешу" атты тақырыппен өткен дөңгелек үстелде мемлекеттің 2006 жылы Қазақстанмен достық келісімге қол қойғанын еске алып, ЕАЭО-ға мүшелікке өтуіне Қазақстанның көп қолдау білдіргенін айтты, деп жазады knews.kg.
Аймақтар • 03 Қараша, 2017
Шымкент қаласын дамытудың жобасы талқыланды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 03 Қараша, 2017
ШҚО-да «ALTAY ATHLETICS» кәсіби жеңіл атлетика клубының тұсауы кесілді
Бүгін Өскеменде Қазақстандағы тұңғыш «ALTAY ATHLETICS» кәсіби клубының ресми түрде тұсаукесер рәсімі өтті. Оның құрамына әлемдік деңгейдегі әйгілі жеңіл атлетшілер мен Олимпиада чемпионы, екі дүркін «Гауһар лига» жеңімпазы Ольга Рыпакова кірді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
ШҚО-ның Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Абай ауданы әкімі қызметіне Жарқынбек Байсабыров тағайындалды. Бұған дейін ол Үржар ауданы әкімінің орынбасары болған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 03 Қараша, 2017
Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Бас Ассамблеясына қатысуда
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының (ҰОКҚ) XXII Бас Ассамблеясына қатысып жатыр.