Пікір • 08 Қараша, 2023
Қасым Аманжолов «Көп туса қазақ дәл сіздей қызды...» деп жырға қосқан ана тіліміздің абыз анасы, академик Рәбиға Сыздықовадан сұхбат алу қай тілшіге де жауапкершілік жүктейтін еді. Академикпен сұхбат тыңғылықты әзірлікті қажет ететін. Кітапханаға барып, еңбектерімен танысып, кейіпкер болмысын ашудың бар қырын зерттеп барып, жүрексіне тұрып телефон шалар едік.
Елорда • 08 Қараша, 2023
Астана жастарына бос жұмыс орындары ұсынылады
Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 08 Қараша, 2023
Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ: Дін саламаттылығы – өзекті мәселе
90-жылдары дін ұстануға еркіндік берілгенде көп адам бөркін аспанға атып қуанды. Кейін қоғамда теріс ағымдар қаптап шыға келгенде, ағаттық жіберіп алғанымызды түсіндік. 2011 жылы дін туралы жаңа заң қабылданып, ушығып бара жатқан жағдайды оңалту үшін жан-жақты алдын алу жұмыстары жүргізілді. Алайда кейінгі жылдары қоғамды дүрліктіріп, дінді құбыжық қылып көрсететін жайттар қайтадан қылаң бере бастады. Осы келеңсіздіктердің себеп-салдарын білу мақсатында теолог, сарапшы Жандәулет Сүлейменовті әңгімеге тартқан едік.
Аймақтар • 08 Қараша, 2023
Таразда 14 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Жамбыл облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 2009 жылдан бері 14 жыл бойы ҚР Қылмыстық Кодексінің 178-бабы 2-бөлігі, 257-бабы 3-бөлігі (ескі редакция) бойынша іздеуде жүрген 49 жастағы Ө. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 08 Қараша, 2023
Отандық ғалымдар сиыр сүтін алмастыратын сүт ұнтағын ойлап шығарды. Елімізде өсетін өсімдіктерді ұнтақтап, биотехнологиялық әдіспен құрғақ сүт өнімін жасады. Енді өсімдік сүтін де ішуге болады.