Президент • 28 Қараша, 2025
Президент бүгін ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйлейді
Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог платформасы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы жиынға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 28 Қараша, 2025
Ақмола облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды
Бұл бап шілде айында қолданысқа енгізіліп, азаматтарды еркінен тыс қудалау, мазалау, үнемі байланыс орнатуға тырысу, бақылау және өзге де психологиялық қысым көрсететін әрекеттерден қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Зейнеткердің 13 млн теңгесін алып кеткен ерлі-зайыпты алаяқтар ұсталды
Петропавлда ерлі-зайыпты 79 жастағы қала тұрғынының 13 миллион теңгесін қолды етті. Олар зейнеткерге қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін, істі жабу үшін қомақты қаржы қажет екенін айтқан. Айтылған мәліметтің рас-өтірігін тексермеген петропавлдық қаржыны курьер-дропперлердің қолына ұстатқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Баланы кибершабуылдан қалай қорғаймыз?
Цифрлы технологиялардың кернеуі күннен күнге күшейіп барады. Бұл заманда интернет – ақпарат алу көзі ғана емес, өмір сүру кеңістігіне айналып үлгерген. Балалар осы кеңістікте өсіп келеді. Ойнайды, білім алады, достасады, ренжіседі, бәрі де – онлайн. Алайда технологияның беретін мүмкіндіктерімен қатар, одан келетін қауіп те жоқ емес. Алгоритм жүйесі адамның жас ерекшелігін толық ажырататын деңгейге жеткен жоқ, ал цифрлы платформалар жасөспірімдерді манипуляциядан, агрессиядан, тіпті қылмыскерлерден қорғауға келгенде қауқарсыз.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Талғарда ер адам өз қызын пышақтап өлтірді
Алматы облысы, Талғар ауданында өз қызын 16 жерден пышақтап өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.