Банк • 28 Қараша, 2025
Нұрбанк 4,5 млрд көлеміндегі мемлекетік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады
Нұрбанк мемлекеттік қолдаудың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдады. Жоспар бойынша 27 қарашада қаржы институты 4,5 млн облигацияны номиналдық құны 1000 теңгеден кері сатып алуды бастайды. Бұдан кейін банк балансындағы мемлекеттік қолдау сомасы 46,8 млрд теңгеден 42,3 млрд теңгеге дейін азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Рим Папасы ең алдымен Түркияға барды: Ердоған екеуі не сөйлесті?
XIV Рим папасы Лев Анкараға барып, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Бұл понтификтің шетелге жасаған алғашқы сапары, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 28 Қараша, 2025
Ерлан Төлеутай халықаралық байқауда «Үздік актер» аталымына ие болды
Арқа жұртының мақтанышы, белгілі дәстүрлі әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай халықаралық деңгейдегі қос бірдей жоғары марапатқа ие болды. Ирландияның Дублин қаласында өткен XIII Silk Road International Film Festival қорытындысында режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» жүлдесін иеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 28 Қараша, 2025
Қарағандыда дәрі тапшылығы жоқ
Қарағанды өңірінде ЖРВИ мен тұмауға қарсы қолданылатын препараттар қоры жеткілікті, дәріханаларда тапшылық жоқ. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 28 Қараша, 2025
Банк шотын есірткі сатушыларға берген 10 дропперге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Биылғы 16 қыркүйектен бастап банк шотын бөгде адамдарға пайдалану үшін бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша арнайы бап күшіне енген еді. ІІМ жаңа норма енгеннен бері дропперлікке қатысты 10 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.