Қоғам • 28 Қараша, 2025
Сағатына 235 тоннаға дейін жоғары сапалы асфальт-бетон өнімін шығаратын заманауи қос асфальт-бетон зауыты бар «ДСК Приоритет» компаниясын нәп-нәзік Жанна Кенжина басқарады. Үлкен ұжымда 300-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Олар барлық жағдайы жасалған жұмысшы қалашығында тұрады.
Басылым • 28 Қараша, 2025
Мемлекеттік БАҚ: міндетіне мәртебесі сай ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» тұжырымдамасында ішкі саясаттың басым бағыттарының бірі ақпараттық саясат екені атап көрсетіліп, оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ағартушылық, ғылыми-танымдық және тәрбиелік мәні бар сапалы контентті дамыту, мемлекеттік органдардың БАҚ-пен өзара байланысын жетілдіру, журналистік этиканың жалпыға ортақ қағидаттарын дәріптеу, ақпарат кеңістігіндегі кез келген заңсыз әрекеттің таралуына қарсы іс-қимыл жасау, деструктивті идеологияның және үгіт-насихаттың, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу, масс-медиа саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру міндеті қойылды. Бұл ретте, әсіресе, мемлекеттік БАҚ-қа жүктелетін жауапкершілік зор екені анық.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Әлемнің газетке көзқарасы ерекше
Интернеттің кең таралуымен газет, журналдардың тиражы төмендей бастады. Тіпті газеттің қағаз түрі енді шықпайды деген болжам да айтылып жүр. Бірақ классикалық газет-журнал құрдымға кетсе, білімсіз ұрпақ қалыптасатынын түсінген әлем елдері дәстүрлі БАҚ-ты «құтқаруға» кірісті. Баспа индустриясының ел дамуына қосатын маңызын терең түсінетін елдің үкіметтері мерзімді басылымдар секторына жыл сайын қомақты қаражат бөліп, түрлі деңгейде қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, мерзімді басылымдарға мемлекеттік қолдау қажеттілігін Еуропа Кеңесі өткен ғасырдың 70-жылдары-ақ мақұлдаған.
Білім • 28 Қараша, 2025
География пәнін оқытудағы жүйесіздік
Мектепте география пәні өз деңгейінде оқытылмай келеді. Түйткілді мәселеге алаңдаған 500-ге жуық мұғалім Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға ашық хат жолдады. Хатта ұстаздар орта білім жүйесінде іске асып жатқан ауқымды реформа кезеңінде география пәнінің оқытылуына қатысты әрі оқу жоспарына енгізу туралы ұсынысын жеткізді. Айтылған мәселеге орай министр Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мамандарымен жиын өткізді. Осы жиында педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің профессоры, Географиядан республикалық атаулы мектеп жетекшісі Ұлжалғас Есназарова қордаланып қалған бірқатар мәселені айтып берді. Ендігі кезекте ұстаздар қауымы география пәнін оқыту жүйеленеді деп үміттеніп отыр.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Агроөнеркәсіп кешені заманауи технологияның арқасында ілкіден қалыптасқан түсінігімізді түбегейлі өзгертіп, жаңа белеске жол салып отыр.