Қоғам • 28 Қараша, 2025
Жақында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ тілін және технологиялық үрдісті қолдау үшін үлкен тілдік модель (LLM) әзірлеу» жобасы аясында ана тілімізді цифрлық ортаға бейімдеумен айналысып жүрген жетекші ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілердің басын қосқан жиын өтті.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Осыдан 110 жыл бұрын, 1915 жылдың 9 қарашасында Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыған қазақ шәкірттер «Садақ» қолжазба журналының алғашқы санын шығарды. «Садақ» журналы туралы алғашқы мағлұматтарды қалың оқырманға Қайыржан Бекхожин мен Тұрсынбек Кәкішев таныстырды.
Сұхбат • 28 Қараша, 2025
Өзгежан Кесиджи-Аюби: Алаш қозғалысы Батыста да зерттеліп жатыр
Еуропаның төрінде өмірге келсе де, ата-анасы баяндаған ұлтының аңыз-әңгімелерін, ертегілерін естіп өскен ұрпақ бәрібір қай жағынан болсын қазаққа бүйрегі бұрып тұрады екен. Әдетте бұны біз тектілік деп бағалаймыз. Әне, сондай тегіне тартқан жастың бірі – Өзгежан Кесиджи-Аюби. Ол әуелде өлең жазып көзге түскен ақын еді. Кейін жоғары оқу орынына түскен соң, Алаш қозғалысын зерттеп, Ирландияда докторлық қорғады. Жуықта Өзгежанмен уақыт тауып, шағын сұхбат құрдық.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Адам рухы көтерілмей алшаң баса ала ма, білмеймін. Кісі баласын адам атты ардақты атқа жеткеріп, өнер мен мәдениет жасаушы тұлғаға айналдыратын сана-сезімі мен жасампаз рухы шығар. Ол да ананың әлдиі мен бесік жырынан басталған әдебиет атты ұлы арнадан қуат алып, жаңғырып тұрмаса әртүрлі замананың тосқауылы мен сын-елегінен әлсіреп, солғын тартады. Ондайда халық рухын тас қайраққа жанығандай рух беретін тұлғалар шығармасы көмекке келеді.
Руханият • 28 Қараша, 2025
Жазушы ең сүйікті шығармасын алдымен санасына (ой қағазына десек те болады) жазады. Содан кейін әбден жетіліп, кәдімгі қағаз бетіне түседі. Бұл шынайы шығармашылықта қалыптасқан әдістің бірі. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолын» жазу мақсатында сан жылдар бойы материал жинап, ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, аңыз-әңгімелерді санасында тербетіп, соңында ұлы шығарманы өмірге әкелді.