Талбесік • 30 Қараша, 2024
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегенімізбен, «орманды жерде отын көп» дейтін де пиғыл жоқ емес. Заңсыз орман отайтындардың сыбысы әредік білініп қалады. Білінбей жүргендері қанша. Десек те оң қадамдар да бар.
Өнер • 30 Қараша, 2024
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы өз көрермендерін тағы бір таңғажайып премьерамен таң-тамаша етті. Қазақ театрларының сахналарында бұрын-соңды қойылмаған жанр – балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоу қойды. Мамандар мұндай қойылым бүгінгі қоғамға ауадай қажет екенін айтады.
Кино • 30 Қараша, 2024
Балаларға арналған сапалы туынды жасау, әсіресе елімізде кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің қатарында тұр. Күн арылтпай жарыққа шығып жатқан көп комедияның ішінен кейде көңіл серпілтіп, сәби көңіліне қуаныш ұялататын қызықты фильмдер көруге деген аңсар мен құлшыныстың да көп тілегіне айналғаны қашан. Алайда балаларға келгенде баяулап қалатын отандық киноөндірістің өрісін кейінгі кезде «Disney» кеңейтіп жүр. Әйгілі голливудтық студия ұсынған анимациялық туындылардың қазақша үн қатуы кішкентай көрермендердің сол сұранысына аз да болса жауап беріп жатқаны қуантады.
Қылмыс • 30 Қараша, 2024
Криминалдық ахуал қатаң бақылауда
Қарағандылық тәртіп сақшылары қызметін қырағылықпен атқарып келеді. Соның нәтижесінде Кеншілер шаһарында қылмыс саны азайды. Кейінгі көрсеткіштер солай дейді. Дегенмен интернеттегі ұры-қарылар мен есірткімен айналысатындар айласын асырып-ақ тұр. Бірақ бұған қарсы полицейлер тарапынан күрес бұрынғыдан да күшейген.
Құқық • 30 Қараша, 2024
Павлодар облысында қорғансыз, толық емес отбасыларда өмір сүріп жатқан балалардың жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауы жиілеп тұр. Айналдырған бір аптаның ішінде кәмелет жасына жетпегендерді зорлаудың төрт бірдей дерегі тіркелді. Ал жыл басынан мұндай 30 оқиға анықталған.