Қоғам • 04 Қараша, 2025
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде Ертіс-Баян өңірінің Алаш ардақтыларына арналған «Ұлтын сүйген ұлылар» атты көрмесінің, сондай-ақ «Сәдуақас Шорманов» және Иса Байзақов туралы «Дауылпаз» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
Зерде • 04 Қараша, 2025
Тау мен таста көкжалдай жортып жүретін Балтабай батырдың бергі беттегі ерліктерін бала күннен естіп өстік. Солақай саясатқа қарсы шыққан Балтабай Әлханұлының батырлығы Шығыс жұртына белгілі болғанымен, әмбеге беймәлім. Қуғынға ұшырап, Қытай асып кеткен батыр бабамыздың арғы беттегі өмірінен де осы уақытқа дейін хабарсыз едік. Алдыңғы жылы батырдың көзін көрген келінімен аз-маз сұхбаттасып, бұрын-соңды айтылмаған аңызға бергісіз әңгімелерін түртіп алған едік.
Туризм • 04 Қараша, 2025
Кенді аймақта ішкі туризмді дамыту жөнінде ауқымды іс-шаралар қолға алынып жатыр. Өйткені, туризм – ел экономикасы мен өңірдің әлеуетін арттырар маңызды сала. Жақында Қарағандыдағы Орталық саябақта «Саяхатқа шабыт беретін Қарағанды» облыстық туристік фестивалі өтті.
Ғалам ғажаптары • 04 Қараша, 2025
Өртті өздігінен сөндіретін роботтар
Сиэтл қаласында орналасқан «Seneca» стартап-компаниясы әлемдегі алғашқы толықтай автономды әуе өрт сөндіру жүйесін ұсынды.
Спорт • 04 Қараша, 2025
Еліміздің танымал теннисшісі Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирінің жартылай финалында сүрінді. Бастапқы бәсекелерде Алексей Попырин (Аустралия), Корантен Муте (Франция), Тейлор Фриц (АҚШ), Алекс Де Минордан (Аустралия) басым түскен жерлесіміз жартылай финалда Феликс Оже-Альяссимге (Канада) 6:7, 4:6 есебімен есе жіберді.