Энергетика • 03 Қараша, 2025
Электр қуатын қолдау тарифтері жеті жылға бекітілді
Энергетика министрінің 2025 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен электр қуатының дайындық қызметіне арналған шекті тарифтер жеті жыл мерзімге бекітілді. Жаңа тарифтер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 03 Қараша, 2025
360-тан аса жасөспірімге көмектескен бағдарламаның ерекшелігі қандай?
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған тәлімгерлік тақырыбындағы алғашқы республикалық форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 03 Қараша, 2025
СҚО аумағындағы қорғаныс бөгетін нығайтуға қомақты қаржы бөлінді
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президенттің су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2025
Танымал журналист өмірден өтті
«Хабар» агенттігі бағдарламаларды дайындау бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған Азат Рыстанбек бақилық болды. Қайғылы хабар туралы басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 03 Қараша, 2025
Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге қатысты түсініктеме берді
Қазақстан Ұлттық Банкі қазан айындағы валюта нарығының негізгі көрсеткіштерін жариялады. Ресми деректерге сәйкес, өткен айда теңге 3,5%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 529,96 теңгеге дейін төмендеді. Ал Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 248 млн АҚШ долларынан 271 млн долларға дейін өсті. Жалпы сауда көлемі 6 млрд долларды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.