Саясат • 27 Қараша, 2025
Дәрігерге дөрекілік көрсеткендер қатаң жазаланады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірнеше жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдап, бірқатар кодекске түзетулер енгізді. Атап айтсақ, дәрігерлердің өмірі мен құқықтарын қорғауға арналған жаңа нормалар ұсынылды. Құрылыс кодексі қабылданып, жеке тұлғаның бір уақытта бірнеше банктен кредит ресімдеуіне шектеу енгізілді. Сондай-ақ төменгі палата депутаттары «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға Сенат енгізген түзетулермен келісіп, құжатты бекітті.
Digital • 27 Қараша, 2025
«Alem.Cloud» – өңірдегі ең ірі есептеу орталығы
Мемлекет басшысының ауқымды цифрландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ұлттық суперкомпьютерлік кластер ресурстарын пайдалану бойынша өтінім беруге арналған «Alem.Cloud» платформасын таныстырды.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы 5 қараша күні «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл – тарихи маңызы бар құжат. Себебі бұрын-соңды елімізде ішкі саясаттың идеологиялық бағыты мен ұйымдастырушылық аясын анықтайтын жүйелі, біртұтас акт болған емес.
ЖОЛДАУ • 27 Қараша, 2025
Су үнемдеу мәдениетін нығайту маңызды
Тіршілік нәрі саналатын суды үнемдеу – өзекті мәселе. Кейде еларалық шиеленіс осыдан да туындап жатады. Ысырапқа жол бермей, үнеммен игілікке жарату мәдениеті қалыптасқан елде алаңдаушылық болмайды.
Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Мәшһүр Жүсіп ауылындағы оң тірлік
Ауыл әкімі – ауылдың дамуындағы негізгі қозғаушы күш. Баянауылдың шеткі елді мекендерінің бірі Мәшһүр Жүсіп ауылы кейінгі жылдары түрленіп, келбетінің арта түсуін жергілікті жұрт ауыл әкімі Сәбит Кенжалиннің іскерлігімен байланыстырады. Жас әрі әлеуеті мол басшы биыл көптің қолдауымен екінші мерзімге сайланды.