Аймақтар • 27 Қараша, 2025
Талдықорғанда болат шар өндіретін зауыт салынады
Жетісу облысы шетелдік инвестиция тарту арқылы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуді жалғастырып жатыр. Мәселен, Талдықорған қаласындағы индустриялық аймақта чилилік «ME Elecmetal» компаниясы тегістегіш болат шар шығаратын ірі зауыт салуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорынның іргетасы келер жылдың наурыз айында қаланып, 2028 жылы іске қосылады.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Қарағанды облысы мүгедектігі бар адамдардың саны жөнінен республикада үшінші орында. Қарағанды қаласының өзінде 25 мыңнан астам мүгедектігі бар жан тіркелген. Олардың көпшілігі өз құқығын біле бермейді, мемлекет тарапынан жасалып жатқан тиесілі көмекті толық көлемде алмайды. Қарағандыдағы «Ten Qogam» әлеуметтік бейімдеу орталығы осы бағытта біршама шаруаларды өз міндетіне алған.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Есірткіге еліткендерді емдейтін орталық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында есірткіге тәуелділердің емдеу-сауықтыру шараларымен жеткілікті деңгейде қамтылмай отырғанына назар аударған еді. «Кез келген есірткі түрінің өндірісі мен сатылымына қатаң тыйым салынып, мемлекеттің жіті бақылауында болуы керек», деді Президент.
Білім • 27 Қараша, 2025
Қазіргі кезде балалар мектептегі білімнен тыс міндетті түрде ақылы білім орталықтарына барады. Бұл үрдіс кейінгі 5 жылда қарқынды белең алды. Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі ірі қалаларда кемінде мыңға жуық жекеменшік білім орталығы бар. Ал бейресми тіркелмей жұмыс істеп жатқаны одан көп. Ақылы білімге деген сұраныстың артуы саладағы бәсекелестіктің күшеюі ме әлде мемлекеттік білім жүйесінің әлсіреуі ме? Мәселені қалай шешу керек?
Білім • 27 Қараша, 2025
Жеке мектептерге жаңа жүйе енгізіледі
Еліміздегі жекеменшік мектептерге арналған мемлекеттік тапсырыстың жаңа жүйесі іске қосылды. Бұл – әзірге сынықтан өтуге тиіс қанатқақты жоба. Жаңа тетік қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, мемлекет-жекешелік әріптестікті дамытуға, барлық баланы сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.