Ғылым • 27 Қараша, 2025
Дақылға қажет қорек – карбамид
Биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «CNPC» компаниясы карбамид және басқа да өнімдерді бірлесіп өндіру туралы ынтымақтастыққа қол қойды. Осы әріптестік аясында карбамид өндіретін газ-химия кешенін Ақтөбе облысында салу туралы келісім жасалды. Карбамид өндірісіне қатысты жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «KMG PetroChem» ЖШС іске асырады. Осыған орай, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «KMG PetroChem» компаниясымен бірлесіп, карбамидті әртүрлі агроклиматтық аймақтарда қолдану үшін кешенді өндірістік сынақ пен ғылыми зерттеу жобасын алғаш рет қолға алды.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Өмірімді Отан қорғау саласына арнаған азамат ретінде кең-байтақ даламыздың көптеген жерін араладым. Мен үшін жеріміздің әр пұшпағы қымбат, әр өзен-көлі мен тау-тасы әсем. Осы күз айында қасиетті Торғай топырағына табаным тиді. Бұған дейін сонау 90-жылдары Арқалық қаласындағы әскери бөлімдердің біріне барғанымда Торғай өлкесімен алғаш танысқан едім. Сол кезде облыс жаңа жабылып, ел көшіп, үйлері босаған өңірді көріп, көңілім жабырқап қалған еді. Содан бері де біраз жыл өтті. Жақында Торғайға қайта барғанымда, көңілім марқайып оралдым. Міржақып Дулатұлы армандағандай, Ұлы дала оянып, Торғайдың рухы қайта түлегендей әсерде болдым.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының лауреаты, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Egemen Qazaqstan» газетінің Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі, журналист Ғалымжан Елшібайдың «Қаламға қонған құт» атты кітабы оқырманға жол тартты.
Қоғам • 27 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауында ауылдың ел экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылықтағы шешуші рөлін айқын көрсетті. Сондықтан оны дамыту жекелеген инфрақұрылымдық жобалармен шектелмей, кешенді түрде жүргізілуі керек. Ауыл тұрғындарын сапалы жолмен, таза ауызсумен, жарықпен, интернетпен, медицина, білім қызметтерімен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің маңызды тақырыбы.
Руханият • 27 Қараша, 2025
Ғылым әлеміндегі «Шәкәрім» журналы
Шәкәрімтануға сүбелі үлес қосып келе жатқан басылымдардың бірі – «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналы. Биыл оның жарық көргеніне 20 жыл толып отыр.