Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Әдетте, Арқа төсіне қардың мол түсетіні белгілі. Сол себепті, табиғаттың жылдағы мың құбылатын тосын мінезіне осы бастан сақадай-сай тұрмаса, кейін бармақ шайнап қалатын өкініші зор болады.
Әлем • 04 Қараша, 2020
Омбыда үшінші онлайн қазақ сыныбы жұмысын бастады
3 қараша күні «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен «Мөлдір» Сібір қазақ мәдени орталығы» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымы онлайн қазақ сыныбының ашылу салтанаты өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Нәтижеге жеткізген «Жол картасы»
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаражат ауыл-аймақтың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Басқасын айтпағанда, аудандардағы ширек ғасырға жуық күрделі жөндеу көрмеген ғимараттар жаңғыртылып, шұрық-тесік ішкі жолдарға жөндеу жүргізілді. Жалпы, бұл бағыт бойынша Алматы облысының аудандарындағы жұмыс ауқымы атап айтуға тұрарлық.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Қоғамдық көлік – халық игілігіне
Ақтау қаласының автобус паркі 18 заманауи үлгіде жасақталған қоғамдық көлікпен толықты. Автобустар Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» АҚ зауытында құрастырылған.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Жаңарған жол – жанданған тіршілік
Елдің өркендегенін білдіретін инфрақұрылымның бірі – жол. Әсіресе, шетел инвесторлары көп келетін Атыраудай мұнайлы өңір үшін жаңарған жолдың маңызы зор. Оның үстіне Атыраудың аумағынан асып, Ресейдің Астрахань облысы арқылы өтетін халықаралық көлік қатынасының дәлізі де бар. Сол себептен «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» тас жолын жаңғырту мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Бұл жолдың жайы Елбасының да, Президенттің де назарында тұр.