Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Қостанайлық полицей өрт кезінде төрт адамды аман алып қалды
Полиция лейтенанты Т.Шүлембаев жанып жатқан үйден төрт адамды алып шықты
Әдебиет • 26 Қараша, 2018
«Нұр Отан» партиясы «Ұлы дала» шығармашылық байқауын жариялады
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтары көрсетілген. Бүгінде еліміз бойынша осы игі бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте, Елбасының сенімді тірегі ретінде «Нұр Отан» партиясы да белсенді әрекет етіп, нақты істерді қолға алды. Атап айтқанда, партия жас ақын-жазушылар арасында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізбек. Бұл жөнінде бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте мәлімдеді.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіне арналған марка айналымға енгізілді
Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» тақырыбында «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясынан пошталық марканы өшірудің салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және «Қазпошта» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Жерлестері Жәмиляға құрмет көрсетті
Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Румынияның бас шаһары – Бухаресте өткен әлем біріншілігінде 72 кило салмақ дәрежесінде қола медальді иеленген Жәмила Бақбергенованы жерлестері құшақ жая қарсы алды.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Зейнетақы қоры жастармен белсенді жұмыс істеуге көшті
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар легін жалғастыруда.