Басылым • 27 Қараша, 2024
Әдетте, «Айбергенов күнделігі», «Мақатаев күнделігі», Пушкин мен Толстой күнделігі дегенге құлағымыз үйренген. Ал «Кітапханашы күнделігі» дегенді кім естіпті? Басында тосырқай қабылдағанымызбен, уақыт өте жаңа кітапты оқып өзге кеңістікке ендік. Ендік те шығыстық иранбаққа кіргендей тосылып қалдық.
Әдебиет • 27 Қараша, 2024
«Ақын кетіп барады көшеменен, Екпінінен бір дауыл еседі ерен» деп басталатын Жарасқан Әбдіраштың өлеңі бар еді ғой. Осындағы ақын сөзін халықтың яки ұлттың рухы деп алмастырып оқыса ештеңе өзгере қоймайды. Автордың Мұқағалиға арнаған бұл өлеңі сол дәуірдің үні мен болмыс-бітімін әйгілеп, тіпті бүгінге жалғасып кеткендей көрінеді. Содан бері осылайша жырламаған қазақ ақындары кемде-кем. Жырлап келеді, жырлай береді. Әлгіндей жырлардың бүгінгі бейнесі қандай дейсіз ғой сонда. Қараңыз.
Экология • 27 Қараша, 2024
Экологиялық білімнің берері мол
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Экологиялық білім» атты жаңа бағытты таныстырды. Құжатта халықтың барлық жас санаттары арасында экологиялық дүниетаным мен мәдениетті қалыптастыруға қатысты іс-шаралар өткізу көзделген.
Мәселе • 27 Қараша, 2024
Шырайлы өлке апат аймағына айнала ма?
Қызылорда облысындағы ең шұрайлы да, шырайлы өлке Шиелі ауданы. Батысында – Сырдария өзені, шығысында – қарт Қаратау, темір жол мен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автобаны қапталында жосылып жатыр. Осындай қолайлы географиялық жағдайымен қатар мал-жанға жайлы табиғаты мұнда халықтың жиі шоғырлануына тіптен тиімді.
Талбесік • 27 Қараша, 2024
Есіңізде ме, ертегідегі Ер Төстіктің бала күнгі ерлігі құс аулаудан басталатыны? Құстың аты – тарғақ. Жақында ертегіні қайыра парақтап отырып, бұрын аңдамай аттап өткен құс жайына қайта үңілдім. Көбіміз мұны ертегіде ғана кездесетін мифтік құс деп ұғыппыз. Оның себебі – тарғақтардың көзден бұл-бұл ұшуы екен...