Қоғам • 25 Қараша, 2025
Жаһандық жарыс: Еліміз тоғызқұмалақтан 30 медаль еншіледі
Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары (U-15, U-17 – классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Оған 21 елден келген 180-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 25 Қараша, 2025
Елімізде қалдықтарды реттеудің жаңа әдістері қолданылады
Бүгін Үкімет отырысында 2026-2030 жылдарға арналған қалдықтың барлық түрін басқарудың жаңа тұжырымдамасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қараша, 2025
Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын дамыту шараларын жеделдетуді тапсырды
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов сауда-логистикалық хабтарды дамыту үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі жұмысты жеделдету қажет екеніне назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 25 Қараша, 2025
OpenAI енді пайдаланушыларға ChatGPT ішінде топ болып сөйлесуге жол ашты. Бұл қызмет достардың, әріптестердің, тіпті отбасының ортақ чатта жиналып, ой бөлісуіне, жоспар құруына және құжат дайындауына ыңғай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға қанша теңге жәрдемақы берілді?
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша 542,8 мың адамға және асыраушысынан айырылу тұрғысында шамамен 175,4 мың адамға жалпы 617 млрд теңгеден астам сома төленген. Оның ішінде 543,1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (МӘЖ) берілсе, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 74,6 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.