Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт
Экономиканы әртараптандыру – негізгі стратегиялық бағытының бірі. Басты назар шикізатқа тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруға аударылған. Өйткені дәл осы секторда қосылған құны жоғары өнімдер шығарылады, білікті жұмыс орындары құрылады әрі елдің технологиялық еркіндігі қалыптасады.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
«Самұрық-Қазына» жылды табысты қорытындылады
«Самұрық-Қазына» қоры 2025 жылды қорытындылап, негізгі көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жариялады. Өткен жыл Ұлттық әл-ауқат қоры үшін қаржы көрсеткіштерінің өсуімен, ірі инвестициялық жобалармен, халықаралық серіктестіктің нығаюымен, әлеуметтік қолдаудың артуымен ерекшеленді.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2025
Тазалық міндеті мен жауапкершілігі
Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл бастама уақытша науқан емес, қоғамның ойлау жүйесін өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді саясат ретінде орнығып келеді. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау – бүгінде әрбір азаматтың күнделікті әдетіне айналуға тиіс маңызды құндылық.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2025
Аграрлық саладағы ауқымды істер
Биыл еліміздің ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6,1%-ға өсіп, 9,2 трлн теңгеге жетті. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы өсім экспортқа рекордтық көлемде өнім жеткізуге мүмкіндік берді. 2026 жылы цифрлық трансформация мен жаңа инфрақұрылымдық жобалар агросектордың одан әрі дамуына жол ашады.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025
Қолда барда қоныштан басып, ұлан-ғайыр алқапты уысында ұстағандар халықтың қазынасына телінген қара жерді ұзақ жыл бойы игеруге икемі келмегені мәлім. «Елге де жоқ, өзіме де жоқ» деп мыңдаған гектар алқапты ондаған жыл бедерінде босқа ұстап отырғандардың дәурені өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жұмыс істеген комиссия мемлекет мүддесі үшін талай жерді кері қайтарып алды. Бұл жұмыс еліміздің қай қиырында болсын тоқтаусыз жүргізіліп жатқаны даусыз.