Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
2026 жылдан бастап жұмыссыз азаматтар МӘМС арқылы тегін медициналық көмек алады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен жұмыссыз әрі тұрақты табысы жоқ азаматтар автоматты түрде қамтылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Желтоқсан, 2025
Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшада ұсталды
Бас прокуратура, Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері мен еліміздің Сыртқы істер министрлігі адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын Польшада қолға түсірді. Күдікті Қазақстан аумағында да адам ағзасын саудаға салу туралы мәмілелер жасасқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Алматы – Өскемен тасжолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты
23 желтоқсан күні таңертең Алматы – Өскемен тасжолының 681 шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Абай облысының Полиция департаментінің мәліметінше, «Yutong» маркалы жолаушылар автобусы мен «КамАЗ-5320» жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2025
ҚазТАГ-тың бас редакторы ұсталды
Астанада ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов ұсталды. Бұл мәліметті Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп жазады Egemen.kz,
Спорт • 24 Желтоқсан, 2025
Олимпиадаға баратын шорт-трекшілер анықталды
Келесі жылы Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында алауы тұтанатын қысқы Олимпия ойындарында Қазақстанның шорт-трекшілері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.