Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019
Жасыл даму – ғылыми-техникалық кеңесті күшейтпек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қыркүйек айында БҰҰ климаттық саммитінде сөйлеген сөзінде қоршаған орта жағдайының құлдырауы әлемді тұрақсыздандыратын факторлардың бірі екенін айтып өтті. Табиғатқа техногенді түрде әсер ету мен Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі аса күрделі экзистенциалдық тұрғыдағы проблемаларға, атап айтқанда шөлейттену, мұздықтардың еруі және суармалы су мен ауыз су ресурстарының сарқылуына әкеліп соқпақ.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2019
Құс өнімдері нарығына әділетсіз бәсеке кедергі
Ішкі нарықта құс етінің басқа түрлеріне қарағанда «окорочкаға» сұраныс жоғары деп бағамдайды сарапшылар. Бағасы тұтынушыға қолжетімді тағам бізге Америкадан жеткізіледі. Құрама Штаттан әкелінетін құс етінің бағасы ішкі нарықтан әлдеқайда арзан. Ал фаст-фуд тағамдарға үйірсек келетін америкалықтар қанаты мен жұмсақ етін көп тұтынатындықтан, құстың сан етін өзіндік құнынан да төмен бағамен шетелдерге экспорттайды.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2019
Электр энергетикасы: жаңа технологиялар – жаңа мүмкіндіктер
Биыл қазан айында өткен «Digital Bridge» екінші халықаралық технологиялық форумы аясындағы Digital Bridge Awards жүлдесін квазимемлекеттік ұйымдар арасынан «KEGOC» АҚ ең үздік цифрлы кеңсе номинациясы бойынша жеңіп алды. Біз компанияның Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиевпен әңгімелесіп, жүлдеге жеткізген негізгі мәселелер туралы айтып беруін өтіндік.
Қаржы • 19 Желтоқсан, 2019
«Салық әмияны» төлеуді жеңілдетеді
Astana HUB ғимаратында Қаржы министрлігі жүзеге асыратын Open API форматындағы қызметтердің, сондай-ақ «Салық әмияны» жүйесінің алдын ала көрсетілімі өтті.
Қаржы • 19 Желтоқсан, 2019
BRIF компаниясының жуырдағы зерттеуі қазақстандықтардың қаржы институттарын бағалайтын басты критерийлері сенімділік екенін, яғни оның ұзақ уақыттық тарихы мен тексерілген беделі, ашықтығы, сондай-ақ клиентке бағдарланғандығы екенін көрсетті. Шын мәнінде, бұл бір кристалдың әртүрлі қыры іспеттес – ол арқылы кез келген банктің перспективалары, уақыт талабы мен клиенттердің жаңа буынының сұраныстарын қанағаттандыру қабілеті айқын көрінеді.