Еңбек • 19 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжаттың басты мақсаты – адами капиталды дамытуға және мигранттарды сапалы іріктеуге негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесін қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Үкіметте келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері қаралды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңесте 2025 жылдың қорытындысы бойынша болжам және 2026 жылы экономикалық өсуді қолдаудың тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Атырауда ер адам көпірден секіруге оқталған
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 18 желтоқсанда болған. Жедел басқару орталығының қызметкерлері, полиция аға сержанты Салтанат Орынбаева мен полиция майоры Айгүл Адракова бейнебақылау камерасы арқылы Жайық өзенінің үстіндегі көпірден секіруге оқталған адамды байқап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
«Қош келдіңіз!»: Токио губернаторы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды
Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кезінде Мемлекет басшысына қазақ тілінде ілтипат көрсетіп, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған
Орал қаласында бір үйдің бес баласы мен анасы табиғи газдан уланып қалды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.