Волонтер • 05 Желтоқсан, 2024
Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Осынау мереке елімізде де ерекше атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзгеге қолұшын созған жандардың әрдайым құрметке бөленетінін әрі олар мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісі, шынайы отаншылдықтың айқын көрінісі екенін айтып, волонтерлер қозғалысына үлкен көңіл бөліп келеді. Міне, бүгінде республика бойынша 240 мыңнан аса белсенді волонтер, 740 еріктілер ұйымы мен мыңнан аса бастамашыл топ жемісті жұмыс істеп жатыр.
Шаруашылық • 05 Желтоқсан, 2024
Агросаланы дамытудың басты тетігі – ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағамен өткізу. Бұқар жырау ауданындағы бірнеше шаруа қожалық енді өздерінің еңбекпен жиған өнімін өңіріміздегі алпауыт «Qarmet» компаниясына үздіксіз саудалайтын болды. Мұнымен қоса, осы аудан Президент тапсырған «Тауарлы несие» тетігін алғашқылардың бірі болып іске қосты. Осындай қолдау көрген агрокешеннің алға қадам баса беретіні анық.
Тұлға • 05 Желтоқсан, 2024
Әйгілі майдангер, үш дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының, Қарағанды қаласының, Шет, Жаңаарқа аудандарының құрметті азаматы, абыз ақсақал Камали Жұматайұлы Дүйсембеков ортамызда болғанда биыл 100 жасқа толар еді.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024
Нұра ауданы Қайнар ауылында – үлкен қуаныш. Өткен аптада жаңа әкімдіктің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұған дейін ауыл әкімдігі тозығы жеткен ғимаратта жұмыс атқарып келген еді.
Қаржы • 05 Желтоқсан, 2024
Қазына қаржысын қорғаудың маңызы
Нарықтық қатынастар мен құқықтық мемлекет құру жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу – өзекті мәселе. Себебі бұл – мемлекеттік қызмет органдарының беделіне ықпал етіп қана қоймай, азаматтардың сеніміне нұқсан келтіріп, мемлекеттің нарықтық экономикасының дамуын тежейтін әрі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әлеуметтік құбылыс.