Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда пәтерінде есірткі тектес өсімдік өсірген тұрғын ұсталды
Алматылық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру барысында Әуезов ауданында үйін зертханаға айналдырған тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
МӘМС аясында балаларға тіс импланттары салынбайды
Әлеуметтік желілерде Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен қоса бірнеше облыста 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба басталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Медициналық сақтандыру қоры осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары күшейтілді
Қазақстанның Азаматтық альянсы ауылдық қоғамдық ұйымдардың кәсіби деңгейін көтеруге және олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасалған «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасын сәтті жүзеге асырды. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен іске асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Шнайдер көпіріндегі апат: Басқарма басшысы лауазымынан босатылды
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Қостанайлық тұрғын лицензиясы жоқ салоннан 1,2 млн теңгесін қайтарып алды
Осы жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1,2 млн теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзып, салоннан ақшаны қайтаруды талап еткен. Салон тұтынушының талабын ескерусіз қалдырғаннан кейін, қостанайлық тұрғын Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген, деп жазады Egemen.kz.