Қоғам • 06 Желтоқсан, 2020
Елордалық көпбалалы аналар "30 игі іс" акциясына қолдау көрсетуде
Елордалық көпбалалы аналар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясына қосылды. Bilim All оқу орталығы көп балалы отбасылардан шыққан балаларды тегін оқытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020
Жол ережесін бұзушылар адам өміріне қауіпті
Петропавл қаласының көптеген жүргізушілерінде жол тәртібін сақтау мәдениетінің төмен екенін бұрын да жазған болатынбыз. Патрульдік полиция қаптап жүргенімен жүргізушілер олардан ыға қоймайды. Қырық шақырымдық жылдамдықпен-ақ көп болса жарты сағатта ұзыннан қиып өтуге болатын шағын қалада кем дегенде 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргісі келетін есерлер көп. Ондайлар әсіресе басқа қаланың нөмірін таққан машиналарды алдына түсіргісікелмейді. Қайтсе де одан озып кетуге тырысып, жол апатының жағдайларын да туғызып жатады. Баланың намысқойлығы сияқты сондай қылықтарды көргеніңде сананың төмендігін сезесің. Сана төмен болған соң мәдениет те болмайды ғой.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2020
Елорда волонтерлері Халықаралық еріктілер күнін атап өтті
Елорда волонтерлері Халықаралық еріктілер күнін атап өтуде. Биыл олар үшін оқиғалы және ерекше жыл болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2020
Алаяқ жиһаз сатпақ болғанды 1,3 млн теңгеге алдап кеткен
Петропавлдың 25 жастағы әйел тұрғыны интернет арқылы жиһаз сатуға хабарландыру берген. Көп кешікпей «алушы» хабарласып, әдемі сөйлеп, «ақша аудару үшін» қыздың жеке деректерін сұрайды. Біршама уақыттан кейін Ватсап арқылы «алушы» қайта хабарласып, бұл картаға ақша аудару мүмкін болмағанын, сондықтан басқа бір карта болса айтуды өтінген. Өйткені, оның картасында ұрлайтын ақша болмаған болуы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2020
Қауіпсіздік сертификатын қалай орнатады?
Ұялы байланыс операторлары қазақстандықтарға қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.