Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Кенияның Найроби қаласында таеквондодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы жаһандық додада ел қоржынына екінші медальды Тамерлан Тілеулес салды. 63 кг салмақ дәрежесінде сайысқан ол жартылай финалда сүрініп, қола медальды қанағат тұтты. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан 87 кг салмақта әлем чемпионы атанған болатын. Бейбарыс – таеквондодан әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Жаһан додасына 75 елден 500-ге тарта спортшы қатысты.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Тағдырдың салған ісіне қайыспай қарсы тұру – қажыр-қайраты кемел адамдардың ғана маңдайына жазылған сыбаға. Кәтепті қара нар ғана көтеретін зілмауыр жүкті арқалай жүріп келешектің көкжиегіне сығалаған үлбіреген үміт сәулесі жан жүректерін жылытып, он екі мүшесіне сарқылып бітпес күш-қуат құятындай.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Күш атасы Қажымұқанның белдескенінен бөлек, жиын-тойдағы өнерін естігенде таңдай қағатынбыз. Аңызға айналған тұлға туралы түрлі әңгімені құлағымыздың құрышын қандырып тыңдадық та. Көзбен көріп, әсерін сезінгендер қандай күй кешті екен деп ойлаймыз кейде. Айтқымыз келгені – күш атасын үлгі тұтып, ізін жалғастырушы бар екен бізде де. Шет ауданы Ақжал кентінде «Терминатор» атанған Алшынбай Мұқышев есімді ақсақал тұрады.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2025
Атыраудан Олимпиада чемпионы қашан шығады?
Мұнайлы өңірде спорт кешендері аз емес. Спорт секциялары да жетерлік. Алайда атыраулық спортшылар арасынан таеквондошы Арман Шылманов пен парадзюдошылардан өзгелері Олимпия ойындарының жеңімпазы, тіпті жүлдегері атана алмай жүр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Майқайың: Апатты аймақтың халқы неге наразы?
Жыл соңы таяп қалғанына қарамастан, Майқайың кентінің «Шанхай» шағын ауданындағы ескі үйлердің мәселесі толық шешіліп болған жоқ. Алтын фабрикасының жаңа қожайыны ұсынған өтемақыға кейбір тұрғындардың көңілі толмай отырғаны байқалады.