Энергетика • 05 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында екінші АЭС салынатын аудан бойынша ашық тыңдау өтті
Бүгін Жамбыл ауданы, Үлкен ауылында еліміздің екінші атом электр станциясын орналастыруға ұсынылған аумақта қоғамдық тыңдау өткізіліп, АЭС салу қажеттілігі, қауіпсіздігі және өңірге тигізер әсері кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 05 Желтоқсан, 2025
Қытай толықтай электрлі рулі бар көліктерді нарыққа шығармақ
Рөл мен дөңгелек арасында тікелей механикалық байланысы жоқ автомобильдер бұрыннан бар. Алайда Қытай билігі қауіпсіздік мақсатында мұндай көліктерге қосымша механикалық рөл механизмін орнатуды ұзақ уақыт бойы міндеттеп келді. Мысалы, бұл жүйе Infiniti Q50 моделінде қолданылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді
Бүгін АҚШ-тың Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылы өтетін әлем чемпионаты финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Жеребе тарту рәсімін «Qazsport» телеарнасы Қазақстан уақытымен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 05 Желтоқсан, 2025
ERG кәсіпорындары Қазақстандағы үздіктер деп танылды
ERG құрамына кіретін «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауыты республикалық «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік байқауында күміс жүлдеге ие болды. Зауыт «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында ірі бизнес нысандары арасында озық шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 05 Желтоқсан, 2025
Жыл соңында автонесиеге деген сұраныс төмендеуі мүмкін
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының есебінше соңғы 9 айда автонесие бөлшек сауда нарығында жылдам қарқынмен дамып келеді. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша көлік алу үшін несие рәсімдегендердің саны 48% өскен, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда бірдей көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.