Теңге • 04 Желтоқсан, 2025
Ұлтттық банк нарықты артық ақшадан тазалап жатыр
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов нарықты артық ақшадан тазалауға шындап кірісті. Банктер үшін ең төменгі резервтік талаптарды күрт көтерді. Бұл шаралар нарықтан инфляциялық қысымды алып тастап, ұлттық валютаға деген сенімді нығайтып, «қаржылық шаңсорғыш» ретінде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Доллар бағасы 500 теңгеден төменге құлдырады
Қазан айынан бері теңге 9 %-ға нығайды. Бұған мұнай бағасының тұрақтылығы, экономиканың қолдауы және шетелдік инвесторлардың қызығушылығының артуы әсер етті. Қазан-қараша айларында резидент еместер Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына 1,1 млрд доллар құйған, жалпы инвестиция көлемі 3,6 млрд долларға жетті. Бұл Қаржы министрлігінің қарыз алу шығындарын азайтып, теңге бағамын қолдауға ықпал етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Маңғыстауда құрылысшы лифт шахтасына құлап қаза тапты
Қайғылы жағдай 4 қараша күні Мұнайлы ауданындағы құрылыс нысанында болған. Жұмысшы кранмен құм толы науаны жоғарғы қабатқа көтеріп, түсіріп болған соң қауіпсіздік орнынан алыстап кеткен сәтте тепе‑теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлаған. Оқиға орнына шамамен 20-30 минуттан соң жедел жәрдем келгенімен, 20 жастағы жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2025
Астанада МӘМС арқылы көзге оталар жүргізіліп жатыр
Астанадағы медициналық ұйымдарда, оның ішінде жекеменшік клиникаларда пациенттер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында сапалы офтальмологиялық көмек ала алады. Бұл тек мамандардың кеңестерін ғана емес, көзге жасалатын жоғары дәлдіктегі операцияларды да қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Кеңес Президенті Ақордаға келді
Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.