Спорт • 04 Желтоқсан, 2025
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Алматыдағы «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр. Турнир аясында 1000-ға жуық спортшы жүлдеге таласады. Бүгін грек-рим күресінен үздік балуандар анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Депутат «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының тиімсіз екенін мәлімдеді
«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының кейбір қатысушылары өз міндеттемелерін орындамай, салдарынан бағдарламаның тиімділігі төмендеп, бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалып жатыр. Аталған мәселені Сенаттың пленарлық отырысында депутат Нұртөре Жүсіп көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Азия даму банкі Қазақстанға 7 млрд доллардан аса қарыз берді
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті. Серік Жұманғарин ынтымақтастық кезеңінде банк қаржыландырған көлік, энергетика, цифрлық даму және әлеуметтік жобалардың ел дамуына айтарлықтай әсер еткенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Сенатор: Мектеп пен балабақша маңындағы ойын автоматтарына заңмен тыйым салу қажет
Бүгін Сенат отырысында депутат Ғалиасқар Сарыбаев мектептердің маңында ойын автоматтары көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, қазір мұндай құрылғылар мектеп, үйірме және спорт секцияларымен дүкендерге жақын алаңдарға жаппай орнатыла бастаған. Мұндай көрініске еті үйренген бала болашақта ойын автоматтарына баратын негізгі аудиторияға айналуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 04 Желтоқсан, 2025
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: доллар бағамы 498 теңге болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллар бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 498 теңге болып бекітілді. Ұлттық банк доллар бағамын 503,89 теңге деп белгіледі, деп жазады Egemen.kz.