Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Талдысай ауылына интернет байланысы қосылды
Ұлытау облысы, Ұлытау ауылдық округіне қарасты Талдысай елді мекенінде Jusan Mobile компаниясының қолдауымен One Web спутниктік жүйесі орнатылып, Wi-Fi интернет желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жер сілкінісі кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде есте сақтау керек 10 негізгі ережені жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2025
Тұңғыш әлем чемпионы: Таэквондошы Бейбарыс Қабылан жеңіске қалай жетті?
Таэквондо спорты – жылдамдық пен күштің үйлесімін қажет ететін күрделі спорт. Қазақстан бұл спорт түрінен талай жыл халықаралық аренада табанды еңбек етіп келсе де, әлемдік деңгейдегі басты жетістікке қол жеткізу мүмкіндігі бұйырмай келген еді. Биыл 21 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында Бейбарыс Қабылан ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алып, тарихи жеңістің шымылдығын түрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жер сілкінісіне байланысты сенім телефоны іске қосылды
Бүгін сағат 12:45 шамасында Алматы қаласы мен Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің дүмпу ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне байланысты сенім телефонын іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Желтоқсан, 2025
Еуропалық Одақ Ресей газынан толықтай бас тартатын болды
Еуропалық кеңес пен Еуропарламенттің шешімі бойынша ресейлік құбыр газының жеткізілімі 2027 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірілмей тоқтатылуы тиіс. Кейбір жағдайларда мерзім 2027 жылдың 1 қарашасына дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz.