Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазір ақпарат айдыны өте жылдам дамып, мәліметтер мен құжаттар көз ілеспес қарқында таралады. Бұл жағдай ұйымдар мен қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дұрыс бағалау, алдын алу және комплаенс талаптарын сақтау жауапкершілігін жүктейді. Осы ретте Freedom Telecom Holding компаниясының комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі Ерасыл Жәрдемов «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұйым қызметкерлеріне дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер тауарлардың ұлттық каталогына қалай қосыла алады?
Тауарлардың ұлттық каталогын (ТҰК) 2026 жылдан бастап елімізде тауар айналымының барлық қатысушысы пайдалануға міндетті болады. Орталықтандырылған жүйеде кез келген өнімге әр тауардың «ЖСН-і» іспетті NTIN коды беріледі. Осы ретте ұлттық каталогта өз өнімдерін кәсіпкерлер қалай тіркейтіні туралы Қаржы министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Енді ел тұрғындары жеке деректерін өшіруді талап ете алады
3 желтоқанда Мәжіліс депутаттары цифрлық ортадағы қатынастарды реттейтін және жеке деректерді қорғауды күшейтетін Цифрлық кодекс жобасын екінші оқылымда қабылдады. Заң жобасында цифрлық ортада жеке тұлғаның, мемлекеттің қауіпсіздігін арттыру тетіктері қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Әйгілі жазушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Мәскеуде әйгілі жазушы Борис Акунинге қатысты сырттай үкім шығарылды. Жазушыға қылмыстық іс бойынша бұрынғы жазылған үкімге қосымша бір жыл қосылып, жалпы 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабалайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Алғашқы әскери дайындықтың жаңа ережелері енгізілді
Елімізде тәртіптің мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және Қарулы күштердің оқушыларды қызметке даярлауға қатысуын нығайтатын алғашқы әскери дайындықтың жаңартылған қағидалары бекітілді. Қорғаныс министрі бұйрыққа 4 қарашада қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.