Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Асығыс салынған жол алысқа апармайды
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне төтелей шығатын автокөлік жолын салуды тапсырған еді. Тұтас Торғай өңіріне тың серпін беретін ауқымды жобаны іске асыруға кіріскен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бүгінде «Орталық – Батыс» көлік дәлізі өтетін жолсыз жерлерде геодезиялық жұмыс жүріп жатыр.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Жұмыс орнын ашу жоспарға сай ма?
Қоғамда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келіспеушілік, кереғарлық – жиі айтылып, жазылып жүрген тақырып. Ескеріле бермейтіні – қала мен ауданда жұмыс орындарын ашу жоспары қаншалықты орындалатыны. Мақаланың баяны әкім есептерінде айтылатын «бәлен ауданда ашылған түген жұмыс орны» туралы болмақ.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғаш рет ұлттық даму институты мәртебесінде өңірлерде жалдамалы тұрғын үйді бөлу жұмысын бастады.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы науқан
Қазір «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» жаһандық халықаралық науқан жүріп жатыр. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараның бірі Орталық коммуникациялар алаңында өтті.
Білім • 04 Желтоқсан, 2025
Ғылым саласындағы маңызды белес
Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Аида Давлетова IOL халықаралық лингвистика олимпиадасының тапсырмалар комиссиясына қабылданды. Біздің маманның алғаш рет олимпиаданың негізгі сараптамалық құрамына өтуі – отандық ғылым саласындағы маңызды белес деуге болады.